19 мам, 2020 сағат 17:20

Қызылордада БАӘ келген адамнан коронавирус анықталды

Қызылордада шетелден келген азаматқа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Қызылордада қатерлі індетке төрт адам шалдықты. Олардың үшеуі Қызылорда қаласының тұрғыны болса, біреуі Алматы қаласында тұрады. Сынама екі азаматтан ауру жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына және енді бірінен БАӘ келуіне және тағы біреуінен денсаулық жағдайына байланысты алынған. 

«Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Ауру ошағында мамандармен індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті. 

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 250 адам тіркелген. Оның ішінде 216 адам емделіп шыққан.