18 мам, 2020 сағат 06:30

Қызылордада аурухана қызметкерінен коронавирус анықталды

Қызылорда облысында облыстық көпбейінді аурухана қызметкеріне коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазір облыс бойынша вирус жұқтырған 246 адам бар. Олардың барлығы барлығы бақылауға алынған. Ал 205 адам емделіп шықты. 

«Коронавирус инфекциясымен 1 науқас анықталды. Ол облыстық көпбейінді аурухананың фильтр кабинетінің қызметкері. Облыс бойынша қазіргі таңда індет жұқтырғандардың 50-і медицина қызметкері. Жалпы соңғы тәулікте 12 науқас емделіп шығып, есеп 200-ден асты. Оның ішінде 34-і медицина саласының қызметкері», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3 343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1 869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1 474 азамат. 

Облыс бойынша барлығы 560 сынама алынды. Нәтижесінде 559-ы теріс мәнді, 1-уі оң мәнді. 

Айта кетерлігі, Қызылордада бүгіннен бастап базарлар ашылады.