Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған алғашқы науқас тіркелген күннен бастап оны жұқтырған 9 медицина қызметкері тіркелген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жөнінде Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлім етті.
«Олардың 8-і орта буын, 1-уі кіші буын қызметкері. Анықталған 3 қызметкер кәсіби тұрғыда жұқтырса, қалғаны науқастармен қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ, кейбір медицина қызметкерлері қорғаныш талаптарын сақтамаған»,-деді Ә. Әбдіқайымова.
Бас санитарлық дәрігер өңірде 11 компания вахталық әдіспен жұмыс істейтінін айтты. Оның ішінде екі компанияның қызметкері алдағы екі тәулікте ауысым жұмыстарын жүргізеді. Ал, вахтадан келген азаматтар үй карантиніне алынады.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы қойылған 127 адам бар.