Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 7 адамның 6-уы медицина саласында қызмет етеді.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті.
«Олардың арасында 1-уі - дәрігер, 2-уі - көлік жүргізушісі, 1-уі - техникалық қызметкер және 2 медбике бар. Аталған азаматтар инфекцияны скринингтік тексеруден өткізу барысында жұқтырған», - деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелді.