#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Қызылордада 11 жастағы ұл бала коронавирус жұқтырды

  • 02.06.2020
  • 0
  • 275

Қызылордада 11 жастағы ұл бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам тіркелді. Олардың 13-і Қызылорда қаласында тұрса, 3-і Жаңақорған ауданынан.

«Науқастардың ішінде ең үлкені 1957 жылы туған әйел адам болса, ең кішісі 2009 жылғы ер бала. ПТР анализдері 14 адамнан ауру жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Екі адам ЖРВИ клиникалық белгілерінің болуына байланысты өз бастамасымен медициналық тексеруге жүгінгіп, провизорлық стационарға жатқызылып, анализдер алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Қазірге дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 418 адам тіркелген. Оның ішінде емделіп шыққандар саны - 245 адам.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар