Бүгін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 9 дерегі тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Науқастардың барлығы Жаңақорған ауданынан анықталды. Олардың үшеуі 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Ал алтауы ер адамдар, олардың арасында ең үлкені - 83 жаста.
«Науқас 8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған. Ал біреуінің індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтуде. Науқастар бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтары залалсыздандырылды», - деп мәлім етті облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Қазір облыста қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 143-ке жетті . Оның ішінде 6 адам емделіп шықты. Ал ем қабылдап жатқаны - 137 адам.