07 шіл, 2021 сағат 12:05

Қытайлық компания дрон орнатылған смартонды патенттеді


Қытайлық Vivo компаниясы дрон түрінде ұшып шығуы тиіс камерасы бар смартфонды патенттеді. Құрылғы қарапайым смартфон секілді, бірақ оның жоғарғы бөлігінде жылжымалы конструкциясы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Смартфонның конструкциясы Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұймының (WIPO) сайтындағы патенттік өтініште сипатталған. Смартфонның жоғарғы бөлігінде екі камера мен үш инфрақызыл сезбегі бар шағын дрон жасырылған. Осының арқасында әуеде фото түсіруге болады.

© LetsGoDigital

Мұндай смартфон шығарылса, өзіңізді алыстан немесе нысанды қашықтықтан түсіру мүмкін болмақ. Алайда патентте дронды қалай басқару туралы ақпарат жоқ. Дрон смартфон арқылы басқарылады деп топшылауға болады.