Қытайдың оңтүстігінде туннельді су басуы салдарынан құрбан болғандардың саны 14-ке жетті. Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, бейсенбі күні құтқарушылар тағы бір адамның мүрдесін тапқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 15 шілде күні таңертең ерте Чжухай қаласында (Гуандун оңтүстік провинциясы), Шицзиншань тауларындағы туннельде болған. Туннельдің бір бөлігіне құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде су басқан. Салдарынан 14 адам сыртқа шыға алмай қалды. Сәрсенбі күні кешке 13 адамның денесі табылған болатын.
Жедел қызметтердің шамамен 2,5 мың қызметкері қатысқан іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Жергілікті билік ТЖ себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.