11 қыр, 2020 сағат 09:16

Қытайдың оңтүстігінде қонақүй жанында жарылыс болды

Жұма күні Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай қаласында (Гуандун провинциясы) орналасқан қонақүйдің жанында қуатты жарылыс болды.Қытай Орталық теледидарының хабарлауынша, оқиға салдарынан кем дегенде үш адам жарақаттанды.

Оқиға Доумэнь ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де орын алған. Телеарна мәліметінше, екі адам жеңіл жарақат алды, тағы біреуін күйік шалған. Олар медициналық мекемелерге жеткізілген. Төтенше оқиғаға газдың жарылуы себеп болды. 

Жарылыс салдарынан жақын орналасқан тұрғын үйлер, сауда нүктелері мен дүкендер зардап шекті. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған. Оқиға орнында 11 өрт сөндіру құрамы жұмыс істеп жатыр, іздеу-құтқару операциясы жүргізілуде. 

Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталуда.