Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының көмір шахталарының бірінде 18 адам көміртек моноксидінен уланып қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Іздестіру-құтқару операциясы штабының мәліметінше, Чунцин қаласындағы Дяошуйдун шахтасында көміртегі моноксидінің шамадан тыс деңгейінен 18 адам көз жұмған.
Бір шахтер құтқарылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Еске сала кетсек, жұма күні кешке Чунцин қаласындағы Дяошуйдун көмір шахтасындағы апат салдарынан 24 шахтер жер астында қалған болатын.