13 қаң, 2021 сағат 08:32

Қытайдың бірнеше қаласында коронавирус өршіді

Бейжіңге көршілес жатқан Хэбей провинциясының үш қаласындағы 22 миллионнан астам тұрғын коронавирустың қайта өршуіне байланысты оқшауландырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Хэбей провинциясында COVID-19-дың өршуіне байланысты Шицзячжуан, Синтай және Ланфан қалалары оқшауландырылды. Бұл шаһарларда тұратын халық саны 22 миллионнан асады. 

Қытайда 2021 жылдың басынан коронавирустың жаңа жағдайлары күрт артты. Індетті ең көп жұқтырғандар Шицзячжуан қаласында тіркелді. 11 миллион тұрғыны бар Шицзячжуанда сейсенбіден бастап халықты жаппай тестілеудің екінші кезеңі басталды. 

Қытай билігі Хэбей провинциясының басқа қалаларының тұрғындарына Бейжіңге бармауға кеңес беріп отыр. 

Жалпы, биылғы жылдың 2 қаңтарынан бастап Хэбей провинциясында коронавирус 400-ден астам адамда расталған және 200-ден астам симптомсыз тасымалдаушы анықталған.