13 қар, 2020 сағат 11:23

Қытайдағы зауытта жарылыс болып, 7 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбей провинциясында көбік полиэтилен зауытында болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.Бұл туралы жұма күні жергілікті үкімет мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Жергілікті әкімшіліктің мәліметі борйынша, жарылыс бейсенбі күні Уцзи уезінде кешкі сағат 6:00 шамасында болған. 

Құтқарушылар бригадасы оқиға орнына дереу келді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

ТЖ себептеріне тергеу жүргізілуде.