Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясының Датун қаласында ұнтақты шаңның жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс таңғы сағат 8:40 шамасында Юнчжоу қаласының маңындағы акционерлік компаниялардың бірінде орын алған. Алдын ала тергеу нәтижелеріне қарағанда, төтенше жағдайға дәнекерлеу жұмыстары себепкер болуы мүмкін.