22 шіл, 2021 сағат 13:27

Қытайдағы нөсер жаңбыр: қаза тапқандар саны 33 адамға жетті


Хэнань провинциясында (Орталық Қытай) нөсер жаңбыр салдарынан қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті, тағы сегіз адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, провинцияға жауған нөсер жаңбыр салдарынан жалпы 3 миллионға жуық адам зардап шеккен.

Барлығы 376 мың жергілікті тұрғын қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды, деп хабарлады провинцияның төтенше жағдайларды басқару департаменті.

Табиғи апат салдарынан 215 200 гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келді. Тікелей экономикалық шығын - шамамен 1,22 миллиард юань (шамамен 188,6 миллион АҚШ доллары).