Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында көмір шахтасының опырыла құлауы салдарынан мерт болғандар саны 16-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін 14 адамның ажал құшып, екі жұмысшының үйінді астында қалғандығы айтылған болатын.
Агенттіктің мәліметі бойынша, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Билік оқиғаның себептерін анықтап жатыр.
Еске сала кетсек, шахтадағы апат 17 желтоқсан күні Анлунь уезінде болған еді. Төтенше жағдай кезінде жер астында қалған 23 адамның жетеуі құтқарылды.