Қытайдың Шэньчжэнь қалалық соты эмбрионға гендік модификация жасаған қытайлық үш ғалымға қатысты алғашқы сот отырысының ашық үкімін жариялады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Тергеу анықтағандай, қытайдың Оңтүстік ғылым және техника университеті (Southern University of Science and Technology) доценті Хэ Джянкуй 2016 жылдан бері Джан Ренли және Джин Жоу атты медициналық ұйымның қызметкерлерімен бірлесіп, адам эмбрионына заңсыз гендік модификация жасау тәжірибесін жасаған. Сондай-ақ, олар мемлекеттің тексерісінен жалтара отырып бұл техниканы репродуктивті медицинаға қолданған. Қортындысында олар жасырын түрде CCR5 гені жоқ 3 сәбиді дүниеге әкелген.
Қасақана елдің ғылыми зерттеу және денсаулық сақтауды басқару заңына қайшылық жасағаны, сол арқылы медициналық тәртіпті бұзып, қоғамға ауыр залал келтіргені үшін, сот Хэ Джянкуйді 3 жылға бас бостандығынан айырып, 3 млн юань (430 мың доллар) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ, көмекшілері Джан Ренли 2 жылға, Джин Жоу 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, 1 млн юань (143 мың доллар) және 500 мың юань(71,6 мың доллар) айыппұл салынды.
Айта кетейік, Хэ Джянкуй 2018 жылы қараша айында гендік модификация жасалған эмбрионнан егіз балалардың дүниеге келгенін жариялаған болатын. Оның айтуынша, олардың гені ВИЧ инфекциясына қарсы тұра алатындай етіп өзгертілген. Қытайлық ғалымның генді өзгерту үшін белгілі бір генді алып тастауға немесе қосуға мүмкіндік беретін CRISPR-cas9 құрылғысын пайдаланғанын айтқан.