Қытайдағы Цзинань қаласында күн панельдерінен тұратын көлік жолының учаскесі салынды. Әзірлеушілердің идеясы бойынша, трасса электрокарларға жүріп келе жатқанда қуат бере алады, деп жазады iz.ru.
Electrek компаниясы сайтының хабарлауынша, ұзындығы 1,6 шақырым учаске 660 шаршы метрлік панельдермен жабдықталған. Оның құрылысына 10 ай кетті. Айта кетсек, бұл қаладағы екінші учаске.
Жоба авторларының сендіруінше, инновациялық жол төсемі орташа жүк көліктерінің салмағына да шыдас бере алады.