21 там, 2020 сағат 10:09

Қытайда көшкін салдарынан 8 адам хабар-ошарсыз кетті

Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясындағы ауылдардың бірінде болған көшкін салдарынан сегіз адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, жұмаға қараған түні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 3:50-де көшкін елді мекенде 800 мың текше метр тау жынысын қиратқан. Бір адам зардап шекті, тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Көшкін салдарынан бірнеше үй қираған. Жергілікті жолмен көліктер жүре алмай қалған. 

Бұл келеңсіз жағдай осы жазда Сычуань провинциясында болған қатты нөсер жауын салдарынан туындап, су тасқынына соқтырған. 

Полиция, өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметтері көшкін болған жерге жіберілді. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.