Қытайда жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың 400 млн-нан астам дозасы егілді, деп жазады "Ұлт ақпарат" ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.
Құзырлы ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша 31 провинция (автономды аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирусқа қарсы вакцинаның 406 938 000 дозасы енгізілген.
Өткен тәулікте Қытайда Covid-19 жұқтырудың 22 жаңа жағдайы тіркелді (оның ішінде 4 жағдай – жергілікті), өлім-жітім жоқ.
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында жергілікті коронавирус инфекциясының төрт жағдайы анықталды. Осыған байланысты Ляонин провинциясының Инкоу қалалық округінде жергілікті халықты жаппай тестілеу науқаны басталды.
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда вирустан пациенттердің 94,57%-ы емделіп шықты. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты. Өлім деңгейі 5,1%-ды құрайды (4636 адам коронавирустан қайтыс болды).