Қытайдағы коронавирусты жұқтыру қаупі орташа және жоғары өңірлердегі мектептер оқу жылының басталуын кейінге қалдырады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Білім министрлігінің өкілі Лю Пэйцзюннің айтуынша, COVID-19 таралуының алдын алу мен бақылау алдағы семестрдің басты басымдығы болмақ. Мектеп басшылары мен жергілікті билікке жағдайдың барлық ықтимал сценарийлеріне мұқият дайындалу және оқу жылының біртіндеп және қауіпсіз басталуын қамтамасыз ету тапсырылған.
Қытай ауруханаларында коронавирус жұқтырған 1812 адам жатыр, олардың 527-сі симптомсыз тасымалдаушылар. Шілде айының басынан бастап эпидемиялық қауіптілігі жоғары тұрғын аудандар саны бірден 159-ға дейін өсті. Ресми түрде, ҚХР 730 жергілікті инфекция жағдайын тіркеді (оның ішінде 150 симптомсыз). Вирустың аймақтар бойынша тез таралуына байланысты үкімет тұрғындарға қалалар арасында мүмкіндігінше аз сапар жасауды ұсынады, ал елдің бірқатар аймақтарында тұрғындарды коронавирусқа ауқымды тестілеу жүргізілуде.