30 там, 2020 сағат 15:45

Қытайда екіқабатты қонақүй құлап, 29 адам мерт болды

Қытайдың Шаньси провинциясында екі қабатты қонақүй құлап, оқиғаның салдарынан 29 адам құрбан болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, осы уақытта оқиғаға байланысты адамдарды іздестіру жұмыстары аяқталды. 

Екіқабатты қонақүй сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:40-та Қытайдың Шаньси провинциясына қарасты Линьфэн қалалық округіндегі Сяньфэн уезінде болған. Апаттың неден болғандығы әзірге анықталған жоқ. 

Агенттіктің хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстары жексенбіге қараған түні аяқталған. 

Құтқарушылар қирандылардың астынан 57 адамды тапқан, олардың 29-ы мерт болған. 7 адамның жарақаты ауыр, 21 адам жеңіл жарақат алған. Осы кезде ауыр жараланғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. 

Құтқару операциясы аяқталған соң оқиғаның себеп-салдарын анықтау жөніндегі комиссия құрылды.