Сейсенбі күні күндіз Қытайдың Шэньжэнь қаласындағы көшелердің бірінде биіктігі 355 метр болатын «SEG Plaza» зәулім ғимараты дірілдей бастағаны белгілі болды. Қалада да, жақын маңда да ешқандай жер сілкінісі болмағаны атап өтілді, деп хабарлайды Global Times.
«Дірілдеген» ғимарат түсіп қалған видео сейсенбі күні Sina Weibo әлеуметтік желісінен таралып, көп қаралым жинаған. Бейнежазбадан биік ғимарат дірілдей бастағанда адамдардың қорқып, жан-жаққа қашқанын көруге болады.
Ғимарат алдындағы алдаң уақытша жабылғаны хабарланды. Оқиғаны өрт сөндіру қызметі мен полиция тексеріп жатыр.
Сейсенбі күні күндіз Sina Weibo-ның ресми аккаунтындағы жергілікті үкіметтің мәлімдемесінде кеше жергілікті уақыт бойынша 12:31-де ғимараттың дірілдегені туралы алаңдағы кезекші қызметкерлерге хабарланғаны айтылған. Содан кейін ғимарат әкімшілігі шұғыл эвакуация туралы адамдарға жедел түрде хабардар еткен. Сағат 13:55-те барлығы қауіпсіз жерге көшірілді.
Зәулім ғимарат орналасқан Футянь ауданының үкіметі төтенше жағдайды жою үшін дереу шаралар қабылдады. Ғимараттың қауіпсіздігін тексеру үшін сарапшылар шақырылды. Алдын ала тергеу нәтижелері жақын жерде жарықшақтар болмағанын анықтады, сондай-ақ қабырға панельдерінің құлау және оларға зақым келтіру белгілерін де анықтамады, деп хабарлайды Weibo.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері бойынша қосымша тергеу амалдары жүргізілуде, олар уақытылы жария етілетін болады.
Ғимарат сағат 13:30-да дірілдеуін тоқтатты, ғимараттың негізгі құрылымында және оның айналасында қауіпсіздік нормаларынан ақаулар табылған жоқ, деп хабарлады қалалық тұрғын үй-құрылыс бюросы сол күні ресми Weibo аккауынтында.