20 мау, 2021 сағат 18:13

Қытайда COVID-19 вакцинасының 1 миллиардтан астам дозасы егілді


Қытайда жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың 1 миллиардтан астам дозасы енгізілді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" .

Тиісті ведомствоның мәліметінше, жексенбіде 31 провинция (автономды аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) және Шынжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирусқа қарсы вакциналардың 1 010 489 000 дозасы енгізілген.

Өткен тәулікте Қытайда Covid-19 жұқтырудың 23 жаңа расталған жағдайы тіркелді (барлық жағдайлар – сырттан әкелінген), өлім-жітім жоқ.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустан пациенттердің 94,38%-ы емделді. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 91 587 адамға жетті. Өлім деңгейі 5,06%-ды құрайды (4636 адам коронавирустан қайтыс болды).