11 мау, 2020 сағат 10:20

Қытайда археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі құс мүсіні табылды

Сәрсенбіде жарияланған зерттеуге сәйкес, Қытайда тас дәуіріндегі құс мүсіні табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл мүсін - Шығыс Азияның үш өлшемді өнерінің ең ежелгі танымал үлгісі. 

Мүсін Қытайдың орталығындағы Хэнань провинциясының Линцзинь қаласында археологиялық қазба орнынан табылды. Ол тас құралдарының көмегімен жануардың күйдірілген сүйектерінен қолдан ойылған. 

Зерттеушілердің айтуынша, тұғырға бейнеленген құс мүсінінде көздері мен тұмсығы көрінеді. 

«Бұл мүсін Батыс Еуропа мен Сібірден табылған басқа үлгілерден технологиялық және стилистикалық жағынан ерекшеленеді. Бұл палеолит және қазіргі қытай мүсінін байланыстыратын жоқ болып тұрған буын болуы мүмкін»,-дейді зерттеушілер. 

Нысанның жасын анықтау үшін радиокөміртекті зерттеумен қатар ғалымдар мүсіншінің қолданған ою тәсілдерін анықтауға компьютерлік томографияны қолданды. Олар мүсін жасау үшін қажақты, калибрлеуші, тырнау және кесетін тастан жасалған құрал-саймандардың қолданылғаны туралы дәлелдер тапты. 

Қазба жұмыстарын Шаньдун провинциясындағы Шығыс Қытай университетінің зерттеушілері, сондай-ақ Франция, Израиль және Норвегия колледждерінің сарапшылары жүргізді.