Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қытайдың CCTV телеарнасының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 9 тамызда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Қызылсу облысы Артуш қаласында 4,8 балдық жер сілкінісі болды.
Зілзала 15 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 40,09 градусында және шығыс бойлықтың 75,95 градусында болды.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, бірақ жер сілкінісіне байланысты кейбір пойыздар жұмысын тоқтатты. Ал жергілікті теміржол көлігі басқармасы тексеру жүргізуде.