Шыңжан-Ұйғыр автономиясындағы Қашқар округінен коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған 137 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл барлық жағдай өткен сенбіде COVID-19 тест тапсырып, қорытындысы оң тәтиже көрсеткен 17 жастағы қыз отбысымен байланысты.
Қашқар округіндегі тұрғындар жаппай тест тапсырып жатыр. Сондай-ақ, 300 мыңнан астам адамға коронавирустың жаңа түрінің нуклеин қышқылын анықтау үшін талдау жасалды.
Қытайдың денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік комитеті коронавирус ошағын жою үшін Қашқарға арнайы жұмыс тобын жіберді.