23 мау, 2021 сағат 11:07

Қытай, Лаос, Мьянма және Таиланд бірлесіп Меконг өзенін патрульдеуді бастады


Сейсенбі күні Қытай, Лаос, Мьянма және Таиланд құқық қорғау органдарының қатысуымен Меконг өзеніндегі 106-шы бірлескен патрулі басталды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытайдың үш кемесі патрульдеу мақсатында Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының Сишуанбаньна-Дай автономиялық округіндегі Цзинха портынан шықты. 

Төрт елдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзеннің негізгі учаскелерінде патрульдерді күшейту үшін Меконг өзенінің бойымен төрт күн және үш түн ішінде 600 км-ден астам жолды еңсеруді жоспарлап отыр.

Сол күні есірткіге және олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні қарсаңында бірлескен үгіт-насихат науқаны басталды. 

Меконг өзеніндегі су деңгейінің көтерілуін ескере отырып, патрульдік топ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзендегі сауда және азаматтық кемелермен ақпарат алмасуды жандандырады.

Қытай, Лаос, Мьянма және Таиланд 2011 жылдың желтоқсанынан бері Меконг өзенінің бірлескен патрульдерін жүргізе бастады.