Қытай коронавирусқа қарсы мұрынға арналған спрей түріндегі вакцинаны клиникалық сынақтан өткізеді, деп хабарлайды fj.chinanews.com сайты.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, жақында Қытайдың Ұлттық медициналық өнімдерді басқару мекемесі коронавирустың алдын алу үшін мұрынға арналған спрей түріндегі вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу туралы өтінішін мақұлдады.
Вакцинаны Гонконг университетінің зертханасы, Сямэнь университетімен және Вантай биологиялық фармацевтикалық(Beijing Wantai Biological Pharmacy)компаниясымен бірлесіп жасаған.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл вакцина SARS-CoV-2 туындатқан жаңа коронавирустық пневмонияның (COVID-19) алдын алуға қолданылады. Вакцина мұрынға арналған спреймен вакцинацияланады. Теориялық тұрғыдан вакцина организмде жаңа коронавирусқа қарсы иммундық қорғаныс тудырады, сол арқылы жаңа коронавирустың әсерінен болатын пневмонияның алдын алады.
Хабарламаларға сәйкес, алдында жануарларға жасалған тәжірибенің нәтижелері вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногенділігі жақсы екенін көрсетті.
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу мекемесі клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңін бастады. Бірінші клиникалық кезеңнің негізгі мақсаты - коронавирустық вакцинаның қауіпсіздігін бағалау және оның иммуногендігін зерттеу.
Вантай биологиялық компаниясының осы вакцинаны жасауға салған инвестициясы қазіргі уақытта шамамен 5,25 миллион юаньды(330 миллион теңге)құрайды деп мәлімдеді. Вакцина жасаушылар клиникалық зерттеулер қанша уақытқа созылатынын айтпады.