«Чжужун» деп аталатын аппарат Марс ғаламшарының топырағын, ионосферасын және климатын зерттеумен айналысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Синьхуа жаңалықтары.
Бұған дейін Марсты зерттейтін қытайлық «Тайвэнь-1» аппараты ғаламшар бетіне сәтті қонған.Бұл — Қытайдың басқа ғаламшарда ғарыш зондын қондырған алғашқы жағдай.
«Чжужун» Марста жүруші аппарат ғаламшар топырағын, ионосферасын және климатын зерттеумен айналысады.
«Тайвэнь-1» автоматты ғарышаралық станса 2020 жылғы 23 шілдеде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан «Чанчжэн-5» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған еді.
Ол Марс орбитасына ақпан айында жетті.