Оқушылардың бірдей киім киюі біздің заманымызға дейін ұзақ жылдар бұрын пайда болған. Тіпті ежелгі Грекияның өзінде оқушылар біркелкі униформа киген көрінеді. Ұзақ уақыт сақталып келе жатқан осы дәстүрді қазіргі уақытта ұстанатын да, ұстанбайтын да елдер бар. Мектеп формасы жай ғана униформа емес, оған қарап мемлекеттің қазіргі мәдени ағымынан хабар алуға болады, тарихи даму кезеңі мен саяси режимін түсінуге және халықтың мінез-құрқын көруге болады.
Жапония
Жапон қыздарының мектеп формасы әлемде ең танымал деуге болатын шығар. Олардың қысқа белдемшелері мен ұзын шұлықтары тіпті әлемдік дизайнерлерге де шабытына арқау болған. Әлеуметтік желіде жапон оқушыларына үкімет етегі қысқа мектеп формасын береді екен деген қауесет тараған. Бірақ шын мәнінде олардың мектеп формасының етегі тізеге дейін жетеді, тек оны оқушылар өздері қысқартып алатын көрінеді.
Фото:dzen.ru
Фото:dzen.ru
Англия
Бұл мемлекетте 1552 жылы алғаш Christ's Hospital мектебінде оқушылар арнайы біркелкі форма киіп бастаған. Содан бері жалғасып келе жатқан дәстүр әлемге тарады деуге болады. Көптеген елдерде оқушылар киетін көк түсті униформаны англиялықтар кедей оқушыларға арнап тіктірген көрінеді. Сол көк түсті мектеп формасы қазір де қолданыста. Тек киімнің сапасы әлдеқайда жақсарған және оны тек кедей балалары ғана емес, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оқушылардың түгелге жуығы киеді. Сонымен бірге олардың көбі өз елінің мектеп формасын киіп, білім алып жатқанына бақытты.
Фото:smartpress.by
Бір қызығы, Англияда мектеп формасына деген ерекше көзқарас көптеген элиталық мекемелерде бар екен. Оқушылардың мектеп киімдері олардың ауқаттылығын, мәртебесін көрсетуі мүмкін. Мектеп формасының негізгі элементтері мен түс схемасынан бастап аяқ киімге, колготки немесе шұлық түсіне және оқу орнының міндетті эмблемасына дейін өте мұқият таңдалады. Және бұл мемлекетте әр мектептің өз мектеп формасы бар.
Wycliffe School мектеп формасы Фото:dukeeducation.net
АҚШ
Америка Құрама Штаттарында мектеп формасына бәрі бірдей қарым қатынас жасайды деп айтуға келмейді: кейбір оқу орындары мектеп формасын құптайды, басқалары қабылдамайды, ал тағы бірі жай ғана "іскерлік киім стилін" таңдаған.
Англиямен салыстырғанда, АҚШ-та мектеп формасы ғасырлар бойғы дәстүрлер мен ерекше мақтаныш мәселесі емес, таптық теңсіздік пен оқушылардың сыртқы келбеті негізінде қақтығыстарды болдырмауға тырысу мәселесі бұл мемлекетте басты орында тұр.
Фото:bolshoyvopros.ru
Қытай
Қытайлықтар ең алдымен, балалардың ыңғайы мен жайлылығына назар аударатын сияқты. Сондықтан олардың мектеп формасы көбінесе қарапайым спорттық костюмдерге ұқсайды. Олардың мектеп формасымен оқушылар сабақ та оқи алады, жүгіріп, секіріп, футбол да ойнай алады.
Фото:dzen.ru
Солтүстік Корея
Ақ жейде, қара немесе көк юбка және шалбар кию Солтүстік Корея оқушыларының униформасы. Сонымен қатар, қызыл галстук та бұл ел мектеп формасының ажырамас бөлігі деуге болады. Коммунистік саясаттың символына айналған қызыл галстукты тағу өте қатал сақталатын тәртіп.
Фото:gadsclub.livejournal.com
Иран
Иран мұсылман елі болғандықтан, мұнда қыз балалардың орамал тағуы түсінікті жағдай. Мұнда мектепке байланысты форманың түсі қарадан қызғылт және көкке дейін өзгеруі мүмкін. Бірақ киім элементтері өзгеріссіз қалады. Ұлдар шалбар, көйлек және көкірекше киеді, 6-7 жастан бастап қыздарға хиджаб пен ұзын көйлек қажет.
Қазақстан
Фото:Sputnik / Тимур Батыршин