28 қар, 2025 сағат 18:13

Ақтөбе мешітіндегі оқиғамен танылған блогер хиджабын шешті

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде мешітте өзіне «уақытша неке» ұсынған ер адам туралы видеосымен елді елең еткізген блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы да жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Ult.kz.

Желіде діни контентімен танылған тиктокер бұл жолы күтпеген өзгерісімен бөлісті — Эммануэлла хиджабын шешіп, діни стилінен бас тартқанын жария етті.

Оның бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікір тудырды. Кейбір діндар қыз-келіншектер блогерді сынға алса, енді бір бөлігі оны қолдап, «денсаулығына байланысты осындай қадамға барғаны дұрыс» деп пікір білдіруде.