13 нау, 2026 сағат 12:05

Қазақстанда «Үздік туристік ауыл – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды

Фото: Egemen.kz

Қазақстанда ауыл туризмін дамытуға бағытталған «Үздік туристік ауыл – 2026» республикалық байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Ult.kz Ұлттық туристік компаниясының мәліметіне сілтеме жасап.

Байқауды Kazakh Tourism ұйымдастырып отыр. Жоба тұрақты туризмді дамытуға, мәдени мұра мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ ауылдық аймақтардың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Өтінім қабылдау мерзімі

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.
Ережеге сәйкес, әр облыстың әкімдігі өңірден үш ауылға дейін ұсына алады.

Қатысушыларды кім бағалайды

Байқауға ұсынылған ауылдарды туризм саласындағы мамандардан құралған тәуелсіз сарапшылар кеңесі бағалайды. Сарапшылар ауылдардың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын, мәдени ерекшелігін және тұрақты туризм қағидаттарына сәйкестігін ескереді.

Былтыр қай ауылдар жеңімпаз болды

Айта кетейік, 2025 жылы «Үздік туристік ауыл» атағына бірнеше елді мекен ие болған. Олардың қатарында:

  • Лепсі (Жетісу облысы)

  • Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы)

  • Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы)

  • Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы)

  • Шабанбай би (Қарағанды облысы)

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ауыл туризмін дамытуға серпін беріп, жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға және өңірлердің туристік тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.