Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков «Қомыз күнін» бекіту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ел басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қаулыда атап өтілгендей, дәстүрлі музыканы қырғыз халқының рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қомызсыз елестету мүмкін емес.
«Қазіргі таңда қомыз жаңа мән-маңызға ие болуы қажет. Ол қырғызстандықтардың мәдени алуантүрлілігінің бірлігі символына айналуы тиіс... Осы ретте, Қырғызстанның этникалық бірлестіктерінің мәдениетаралық диалогын кеңейту үшін дәстүрлі музыканың рөлін күшейту керек», - делінген құжатта.
Аталған бағытта тиісті жұмыстар жүргізу үшін Қырғыз Президенті ел Үкіметіне 9 қыркүйекті жыл сайын аталып өтетін Қомыз күні ретінде бекітуді ұсынатын қаулыға қол қойды.
Қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қырғыз халқының ағаштан жасалатын үш ішекті, пернесіз, шертіп ойналатын ұлттық музыкалық аспабы.