14 қаз, 2020 сағат 20:33

Қырғыз Президенті парламенттік сайлаудан кейін ғана отставкаға кетеді – Толғанай Стамалиева

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева Сооронбай Жээнбеков пен Премьер-Министр Садыр Жапаровтың келіссөздері барысында қандай мәселелер талқыланғанын айтып берді, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Оның айтуынша бүгін Парламент елдің Премьер-Министрі лауазымына Жапаровтың кандидатурасын бекіткеннен кейін Сооронбай Жээнбеков пен Садыр Жапаров кездесу өткізген. 

«Премьер-Министр кездесу барысында өз талабын қойды – Президент бүгін кешке отставкаға кетуі керек. Сооронбай Жээнбеков дәл қазіргі уақытта президент лауазымын тастап кетуге құқығы жоқтығын тағы бір мәрте айтты, себебі мұның арты мемлекетке зиян шеккізіп, елестетуге қиын жағдайға апарып соқтыруы мүмкін. Ол 2020 жылдың 9 қазанында айтқан ұстанымын еске салды – парламенттік сайлау өткеннен кейін елдің жаңа президентін сайлау өтеді», - деді Стамалиева.

Еске салсақ, бүгін Қырғыз Республикасының Президенті Сооранбай Жээнбеков «Қырғыз Республикасының Премьер-министрі мен Үкімет мүшелерін тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Қырғыз Жогорку Кенешінің төрағасы сайланды.