17 мау, 2019 сағат 20:04

Қырғыз депутаттары Алмазбек Атамбаевқа бірқатар айып тақты

Қырғызстанның Жогоргу Кенешінің депутаттары елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыруды ұсынды. Бұл туралы kabar агенттігі хабарлады.

Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру бастамасын көтеріп жүрген Жогоргу Кенештің депутаттары қандай фактілер бойынша айып таққысы келетіндерін айтты. Осы мәселе қаралған депутаттық комиссияда тиісті хатты депутат Талант Мамытов оқыды.

Талант Мамытов өз сөзінде Атамбаев Премьер-министр болған кезінде Ресейдің 123 азаматына қару бергенін, ол азаматтардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болғанын айтады.

Оның айтуынша, «ТНК Дастан» компаниясының жеке лауазымды тұлғаларының көмегімен ол Қой Таш ауылындағы жер учаскесін заңсыз иемденген. Сол жерде үй салған.

Депутаттар сонымен қатар қылмыс әлемінде абыройы бар Әзиз Батукаевты заңсыз босатып алғаны үшін Алмазбек Атамбаевқа айып таққалы отыр.

Сонымен қатар, Атамбаев Премьер-министр кезінде Үкіметтің қаулысымен Аламедин ауданы Бәйтік ауылындағы 35,65 гектар жерді коттедж қалашығын салу үшін ауыл шаруашылығы маңызындағы жерден тұрғылықты елдімекен санатына ауыстырған.

Атамбаевтың 2010-2018 жылғы Бірыңғай салықтық декларациясын зерттеу кезінде анықталғанындай, 2017 жылғы декларацияда жалпы аумағы 54 млн сомдық С.Пахатидің кірісі бары анықталған. Яғни, 2017 жылы Пахати Атамбаевтан ОсОО НПФ «Форум»-ды алған. Депутаттардың болжауынша, аталған азамат ортақ үлестегі адам болып отыр.

Ыстықкөл аудандық әкімшілігі мен Чон-Сарой ауыл окмутының заңға қарсы әрекетінің салдарынан Чон-Сары ой ауылындағы жалпы аумағы 4,61 гектар жер аумағы мемлекет қажеттілігімен байланысы жоқ ОсОО «Фрунзе Резерт»-ке берілген. Кейін жер учаскесі екі бөлікке бөлініп, Алмазбек Атамбаевтың иелігіне берілген.

Сонымен қатар, Бас прокуратура Бішкек ЖЭО жаңғырту бойынша жобаның даярлығы мен оған қол қою кезінде жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Депутаттардың айтуынша, Атамбаевтың мәлімдемесі сол қылмысқа қатысы барын дәлелдей түседі. Атап айтқанда, барлық саяси шешім, сондай-ақ, компанияны таңдау кезіндегі келісімнің бәрін Атамбаевтың өзі қабылдаған.

Депутаттар сол секілді бұрынғы Бас прокурор Аида Салянованың Алмазбек Атамбаев Бішкек ЖЭО-ға заңсыз көмір тасылуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жария еткенін еске салды.

Сондай-ақ, экс-президентке "билікті озбырлықпен басып алды" деген айып тағылуда. Депутаттардың пайымдауынша, ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, билік органдарының жұмысына араласып отырған. 

Айта кетейік, 12 маусымда парламенттегі "Қырғызстан" фракциясының жетекшісі, депутат Канатбек Исаев бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру туралы бастама көтерген. Ол бұл бастаманы 60 депутат қолдайтынын және осының негізінде комиссия құруға болатынын айтқан. Исаев пен тағы бір депутат Талант Мамытов Атамбаевты "билікті заңсыз иемденіп алмақ болды" деп айыптаған еді.

13 маусымда құрамына парламент депутаттары Каныбек Иманалиев, Омурбек Бакиров, Евгения Строкова, Кожобек Рыспаев, Максатбек Эгембердиев, Талант Мамытов, Бактыбек Райымкулов, Жыргалбек Турускулов, Алтынбек Жунусуулу, Бактыбек Турусбеков, Канатбек Исаев және Алмазбек Токторов енген комиссия құрылды.

16 мамырда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдік беру туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

Онда Жогорку кеңеш қылмысқа қатысы бар деген айып тағып, оны бас прокуратура растаған жағдайда бұрынғы президентті тиіспеушілік мәртебесінен айыру қарастырылған. Сондай-ақ, заң жобасының 11-бабына сәйкес, бұрынғы президенттің мемлекеттік билік органдарында саяси, арнаулы мемлекеттік лауазым атқаруына, саяси партияларда басшылық қызмет істеуіне немесе оның қызметіне араласуына тыйым салынады.

Қырғызстанда бұрынғы президент мәртебесіне Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаев ие. Ал халық толқулары нәтижесінде биліктен кетуге мәжбүр болған елдің бірінші президенті Асқар Ақаев пен екінші президенті Құрманбек Бакиевке ондай мәртебе берілмеген.