17 қар, 2024 сағат 15:27

Астанада екі қабатты үй өртеніп, 4 бала қайтыс болды

Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт болып, кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала қайтыс болды. Бұл туралы Астана ТЖД әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ult.kz


фото ТЖД ресми парақшасынан алынды.

Қалалық ТЖД мәліметінше, балалар 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жетіп, 500 ш.м. аумақ оқшауланып, өрт толығымен сөндірілген.


Өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.

Өрт болған үйде 2 отбасы тұрған. Астана қаласының әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. 

“Психологиялық көмек берілді. Материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғырып көңіл айтамыз”,-делінген хабарламада.