Соңғы күндері Кувейттегі ауа температурасы Таяу Шығыс елдері үшін де рекордтық болды: көлеңкеде 53,3 градусқа жетсе, ал күннің астында 70 градусқа дейін көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жергілікті Al Rai газетінің жазуынша, әмірліктегі бұл жаз соңғы 70 жылдағы ең ыстығына айналған.
Аптапқа байланысты Кувейттің бірнеше аймағының билігі эмират тұрғындарын электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ үйлер мен кеңселердегі ескі кондиционерлерді ауыстыруға шақырды, өйткені олар жергілікті қуатқа үлкен салмақ түсіріп отыр.