09 там, 2019 сағат 22:00

Құрбандық шалу – барша мұсылманның парызы

Биыл барша мұсылман қауымына ортақ мереке Құрбан айт мерекесі 11 тамызға белгіленді. Осы орайда «Ұлт» тәуелсіз интернет басылымы барлық мұсылмандарды айтулы мерекемен құттықтай отырып, бұл мерекенің тереңде жатқан тарихы мен ерекшелігіне тоқталуды жөн көріп отыр.

Мереке қалай және қай кезде тойланады?

Құрбан айт мерекесі Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң, Зуль-хиджа күнтізбесі бойынша он екінші айдың оныншы күні атап өтіледі. Бұл күні Меккеге барған тәуапшылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, оған мүмкіндігі жоқ мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі – ­құрбандық шалады.

Қасиетті құрбан айт мерекесінде құрбанға төмендегідей мал түрлерін шалуға болады:

-         жеті айдан кіші емес еркек немесе ұрғашы кой;

-         екі жасқа толған сиыр;

-         бір жасқа толған ешкі;

-         бес жылдан асқан түйе.

Құрбандыққа ауру, көтерем немесе өте жас малды шалуға болмайды. Қой да, ешкі де өте мықты әрі жеткілікті семіз болуы керек. Бір жері кем, құйрығы кесілген, соқыр, немесе жарты құлағы жоқ малдарды да құрбандыққа шалмайды.

Тағы бір ерекшелігі: қой және ешкіні бір адам ғана сояды. Бір адам екі не одан да көп құрбандық шала алады және барлық құрбандықтарының сауабын алады. Ал сиыр мен түйені жеті адам бірігіп союларына болады. Бір адам жалғыз өзі бір сиыр не түйені құрбандыққа шалуына рұқсат етіледі.

Жәбір ибн Абдуллаһ (Алла әкесі екеіне разы болсын): «Худайбия жылы Алла елшісімен (с.а.с.) бірге түйені жеті адамның және сиырды жеті адамның (атынан) бауыздадық» деді.

Құрбандық шалған соң мұсылмандар бір-бірінің үйін аралап, дәм ауыз тиеді. Бұл уақытта әрбір шаңырақта мерекелік дастархан жайылып, жаңа әрі таза киімерін киіп, қонақтап қайтады.

Дегенмен, әр мұсылман халықтарында Құрбан Айтты тойлаудың өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, Мароккода, Индонезияда, Малайзияда Айт намазынан кейін адамдар көшеге шығып, ән айтып, би билейді екен. Бұл елдерде мейрам карнавал түрінде тойланады. Түркияда барлығы классикалық қүрде жасалады. Тағы бір ерекшеліктері, сойылған малдың етінен кебаб дайындап, күйген кәуаптың иісі бүкіл қалаға тарайды. Тәжікстан мен Ауғанстанда үйлерінде дастархан жайып, қонақ күтеді. Олар үйді-үйді аралап шығады, дегенмен жергілікті халықтың жағдайы төмен болғанықтан бірінің үйінен бірі ешнәрсе алмайды. Өзбекстанда бір күн бұрын ұннан түрлі тағамдар пісіріліп, кешке мерекелік палау дайындалады. Құрбан шалу күні адамдар кімнің үйінде жақын арада той өтті, сол үйге жиналады және жақын арада қайтыс болған кісілердің үйдеріне де келіп, құран бағыштайды. Қазақтар арасында да осы дәстүр кең тараған.

Құрбандық шалудың әлемдік тарихы

Құрбандық шалу әлем бойынша өте ерте басталған деседі. Мұсылман халықтары Ид аль-адха (Құрбан Айт) мейрамын әр түрлі тойлайды. Дегенмен, барлығына ортақ нәрсе – Алланың разылығы үшін құрбандық шалу.  Құрбан шалу діни мәдениеті полеолит заманында пайда болған. Көне заманғы адамдардың түсінігі бойынша бұл салт табиғаттың рухы мен ата-бабалырының рухын тыныштандыру үшін жасалған. Мәселен, Ежелгі Египетте көптеген құдайлардың мазарларын белгілі бір жануардың бейнесімен бейнелеуімен байланыстырған. Мысалы, отбасы ұтқысы мен жемісінің құдайы деп саналатын Бастеттің басы мысықтың басы іспеттес жасалып, құрбандыққа мысық шалынатын болған. Күн құдайы Гораның құрметіне сұңқардың басы бейнеленген, ал қолтырауындардың құдайы Себектің құрметіне бауырымен жорғалаушылар құрбандыққа шалынған екен.

Грекия мен Римде құрбандық шалу құдайдың мейіріміне бөлену және құдайларды орналастыру деп  саналған. Антикалық мәдениет қан шығарып құрбан шалу және қан шығармай құрбан шалу деп бөлген. Қан шығармай құрбан шалуға рақымшылық жасау, сонымен қатар мезрабқа сұйықтық құю (көбінесе шарап) жатады. Қан шығарып құрбандық шалу ерекше жағдайларға немесе белгілі бір мерекелерге байланысты жасалынған. Құрбандыққа шалытантын жануар белгілі бір құдайдың құрметіне байланысты таңдалған. Деметра үшін құрбандыққа шошқа шалынса, Дионис үшін ешкі шалынатын болған. Құрбандық шалу дәстүрі Мезоамерика халықтарының арасында да кең таралған. Мысалы, маялықтардың ол жыл сайынғы мейрамы мен салтына айналып кеткен.

Белгілі бір уақыттарда кейбір халықтардың арасында адамды құрбандыққа шалу салты болған. Финикия мен Карфагендер құдайдың құрметіне баланы құрбандыққа шалатын болған. Гректердің ертедегі тарихында мистикалық мейрамдар кезінде адамдарды құрбандыққа шалатын болған, мысалы, Дионистің ұйымында құдайдың қаһарын қайтару үшін де адамды құрбандыққа шалған. Римде көбінесе құрбандыққа қылмыскерлер мен құлдарды шалған. Бұл салт б.э.д. 97 жылы жасалынған. Адамды құрбандыққа шалушылардың ең көбі ацтектер болған. Олардың түсінігі бойынша адам қанын шығару, құдайды қолдау деп есептелінген. Құрбандықты белгілі бір арнайы күндерде немесе мейрамдарда, белгілі бір оқиғаарға байлнысты шалған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек ацтектер барлығы шамамен 136 мың адамды құрбандыққа шалған дейді.

Монотеистік діндерде, тілдік сенімдерге қарағанда,  құрбандық шалу дәстүрі біршама символикалық түрде жасалған. Көптеген уақыт құрбан шалу еврейлік шіркеу қызметкерлерінің негізі болып есептелінген. Иудалықтар үшін құрбандық шалу күнәдан тазару мен оны жуудың құралы болып саналған. Христиандарда құрбандық шалу басқаша формада жасалған, олар құрбандық шалу деген Христің денесі мен қанын құпия түрде жеу деп түсінген. 

Құрбан айт тарихы – бізде

Мұсылмандардың Ид аль-адха (Құрбан айт) мейрамы хиджраның екінші жылы (мұсылмандардың жылсанауы), яғни 624 жылдан діннің бір бөлігі ретінде тойлана бастады.  Сенім бойынша, оны Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өзі, өзіне жол көрсетуші  Ибрахим Пайғамбарды еске алу құрметіне жасаған.

Бұл мейрамның пайда болуы, библия салтында Авраам деген атпен белгілі, Ибрахим Пайғамбардың өмірі мен әрекетіме байланысты. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Ибрахим бір ғана құдайға сенуші, яғни ханиф болған. Ол өзінің халқына тілдік сенімдердің тұрақты еместігін түсіндіруге тырысқан, яғни күн, жұлдыздар, ай да күнде өзгереді, сондықтан да оларға құдай ретінде сыйынбау керек деп түсіндірген. Аңыз бойынша, оның әкесі Азар өзінің қоластындағылармен қаладан басқа жаққа кеткен кезде, ол мешітке кіріп, ең негізгі таңбаны қалдырып, қалғандарын сындырып тастайды. Адамдар Ибрахимге сенбейді, сондықтан ол иконға сенуге болмайтындығын дәлелдегісі келеді. Оны қоғамнан қудалайды. Одан кейін Ибрахим өзінің баласы екеуі Меккедегі мұсылмандар үшін ең киелі саналатын Қағбаны салады да, өздері соның шырақшысы болып қалады.

Құран бойынша, Құрбан Айт өзінің бастауын Алланың Ибрахимге жіберген сынағынан кейін пайда болған. Пайғамбар, 86 жасына дейін бала сүймеген көрінеді, тек 86 жасқа келгенде ғана бірінші ұлі Исмаил дүниеге келеді. Бір күні Ибрахим түсінде Алланы көреді, ол оған жалғыз ұлын құрбандыққа шалуды өтінеді. Алланың өтінішіне қарсы келе алмаған Пайғамбар қазіргі Мекке қаласы тұрған жерге, яғни Мина өзенінің жағасына келеді. Осында барлық дайындықтарды жасайды. Әкесі сияқты Аллаға берілген Исмаил әкесіне қарсы келмейді. Пайғамбар енді салтты жасай бергенде Алла оны тоқтатып, сен менің сынағымнан өттің, маған шын берілгендігіңді дәлелдедің дейді. Сөйтіп құрбандыққа шалуға қой береді. Содан бастап Құрбан Айтта құрбандыққа қой шалу дәстүрі басталыпты. Құрбан Айтты тойлау және құрбан шалу салты Х-ХІІІ ғасырларда Орталық Азияда ислам дінінің келуімен бірге тараған. Бұл салт көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық үшін таңсық болмайды.

Айта кетейік, Құрбан (араб тілінде) «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

2005 жылы 28 желтоқсанда мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, Құрбан айт пен Рождество мерекесінің бірінші күні елімізде демалыс күндері болып жарияланған. Тарихи құжаттарға сүйенсек, 1926 жылға дейін Наурыз 1 күн, Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн ресми мереке ретінде аталып келген. Алайда бүгінгі таңда Құрбан айт және Рождество мерекелері ұлттық және мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып, бұл күндері демалыс болып бекітілмейтін болған.

(Материал ҚМДБ-ның мақұлдауымен дайындалды)

Ақбота Мұсабек