21 қаз, 2020 сағат 06:51

Құны 8 мың теңге болатын ПТР тесті қай жерден тапсыруға болады?

COVID-19 анықтайтын ПТР тестілеудің құны 8 мың теңгеге дейін арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Ұлттық сараптама орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» жеке тұлғалар үшін COVID-19 ПТР тестінің құны 8 025 теңгеге дейін төмендететінін хабарлайды. Бұл - қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы ең төмен баға ұсыныстарының бірі», - делінген хабарламада. 

Тестілеу Ұлттық сараптама орталығының 10 облыстық филиалында жүзеге асырылады. Тестілеуден өту үшін орталық сайтында тіркелуден өту қажет.

ПТР тест тапсыру үшін филиалдардың жұмыс кестесі және байланыс нөмірлері:

1.Нұр-Сұлтан қ.: сағат 08.30-дан 13.00-ге дейін

Тел.: 8 (7172) 54-71-47, 8 (747) 337-86-56;

2.Алматы қ.: 09.00-дан 17.00-ге дейін

Тел.: 8 (727) 382-32-57; 

3.Атырау қ.: 08.30-дан 12.00-ге дейін

Тел.: 8(7122) 32-99-58; 

4.Карағанды қ.: 09.00-дан 12.00-ге дейін

Тел.: 8 (7172) 50-75-93;

5.Көкшетау қ: 09.00-дан 16.00-ге дейін

Тел.: 8 (7162) 26-61-27, 26-48-72;

6.Қостанай қ: 08.00-дан 16.00-ге дейін

Тел.: 8 (7142) 55-54-66, 54-76-82;

7.Павлодар қ.: 09.00-дан 16.00-ге дейін

Тел.: 8 (7182) 62-71-82; 

8.Тараз қ.: 09.00-дан 13.00-ге дейін 

Тел.: 8(7262) 54-20-33; 

9.Шымкент қ.: 09.00-дан 13.00-ге дейін 

Тел.: 8 (7252) 43-34-16;

10.Петропавловск қ.: 09.00-дан 12.00-ге дейін

Тел.: 8 (7152) 41-34-07.

Еске салсақ, бұған дейін «INVIVO» және «Олимп» зертханаларында ПТР-тестілеу қызметінің бағасы 9000 теңгеге дейін арзандағаны туралы хабарлаған болатынбыз.