"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17-19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағына ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста фронталь бөліктерге байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ және екпінді жел болады деп күтіледі.
"Күндіз температура солтүстікте 25-32 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25...37 градусқа дейін, орталық пен шығыста 20-31 градусқа дейін көтеріледі. Тек Қазақстанның батысына ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы 32-43 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.