01 қыр, 2020 сағат 05:52

Кукушкин АҚШ-тың ашық чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тың ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"и.  

Рейтингте 90-орында тұрған Михаил Кукушкин әлемнің 78-ракеткасы, мажарстандық Аттила Балашпен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші 6:4, 7:5, 6:4 есебімен үш партияда жеңіске жетті

Бәсеке 2 сағат 16 минутқа созылды. 

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гарин немесе рейтингте 244-орында тұрған америкалық Улисс Бланчтың біреуімен кездеседі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Кайл Эдмундпен кездесті.

Қазақстандық теннисті матчты сәтті бастады – 6:2. Алайда содан кейін ойын тізгінін беріп қойды – 5:7, 5:7, 0:6.

Біршама тартысты өткен бәсеке 2 сағат 49 минутқа созылды.

К.Эдмундтың келесі қарсыласы – әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович.