30 қыр, 2021 сағат 14:30

Кубаның ұлттық телеарнасында Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды


Әлемге танымал қазақ әншісі Димаштың әні Cubavisión Ұлттық телеарнасының «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасында қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық әншінің «Olimpico» әні «La música, ese placer» («Музыка – бұл ләззат») бөлімінің шымылдығын жапты.

Айта кетейік, «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасы алғаш рет 1985 жылы эфирге жол тартқан. Ол барлық кезеңдегі Кубалық және әлемдік музыкалық шығармалардың ең танымалдарын ұсынады. Бағдарламаны телеарнаның ең беделді журналистері жүргізеді.

«Біздің сүйікті әншімізді телеарнадан көрсетуді сұраған кубалық Dears-ке тағы да алғыс айтқымыз келеді! Осының арқасында Димаштың шығармашылығымен адамдар тағы да көптеп танысады деген үміттенеміз», – деп әртістің Кубалық жанкүйерлері Instagram-аккаунтында бөлісті.