11 қаз, 2025 сағат 13:47

Қуат Хамитовтың хиджабтағы қыздар туралы пікірі желіде қызу талқыға түсті

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал ММА спортшысы Қуат Хамитов өзінің болашақ жарына қатысты талабын ашық айтып, көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Ult.kz.

Спортшы Instagram парақшасында:

«Мен енді тек хиджаб киген қызға үйленемін деп шештім. Ондай арулар мен үшін ерекше. Неліктен екенін өздеріңіз де түсінесіздер…», – деп жазды.


Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі Қуаттың дін мен дәстүрге құрметін қолдап жатса, енді бірі оны жеке таңдау аясында қарастыру қажет екенін айтты.

Айта кетейік, спортшы бұған дейін тек пәк қызға үйленетінін айтып, қоғам назарына іліккен.