12 там, 2020 сағат 10:45

ҚТЖ пойыз билеттерін сатып алудағы қиындықтарға түсінік берді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық ақауларға байланысты теміржол билеттерін сату жүйесі уақытша жұмыс істемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Компания ақпаратына сәйкес, BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және өзге де интернет-ресурстарда билеттерді рәсімдеу уақытша мүмкін болмайды. 

Азаматтар пойызға билеттерді кассалардан сатып ала алады. Онда қазіргі уақытта сату процесі біртіндеп қалпына келтірілуде. «Алайда, түйіткілді жою жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан, билеттерді сатып алу кезінде техникалық ақаулар пайда болуы мүмкін», - деп ескертті «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан.