#
#
Сенбі 16/01/2021

Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме – Бас санитар жауабы

  • 13.01.2021
  • 0
  • 267

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов православ дініндегі Крещение мерекесін өткізуге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әзірге жекелеген өңірлерде жергілікті санитарлық қызметтердің шешімімен шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ жалпы республика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты жерлерде бұл шараларға тыйым салынбаған», - деп жауап берді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Спикердің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Крещениедегі суға түсу орындарын тиісті түрде әзірлеу туралы хаттар жіберілген. 

«Әрине мұнда да, шара қатысушылары әлеуметтік қашықтық, жеке қауіпсіздік сынды талаптарды сақтауы тиіс», - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар