27 қаң, 2021 сағат 17:50

ҚР СІМ Нидерландыға ұшатын Қазақстан азаматтарына ақпарат таратты

Нидерландының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылғы 23 қаңтардан бастап аталмыш елге кірудің бақылау шаралары күшейтілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атап айтқанда, сол елге келгендердің барлығы Нидерландыға кірерден 72 сағат бұрын тапсырылған COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы, сондай-ақ COVID-19 экспресс-тестінің теріс нәтижесін («антиген экспресс-тест» деп аталады) көрсетуі керек. Бұл талаптар транзиттік жолаушыларға да қатысты.

COVID-19 экспресс тестін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда орналасқан зертханаларда тапсыруға болады. Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін тиісті әуежайдың ақпараттық қызметіне хабарласу қажет», - деді министрліктен.