ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекші қызметіне ансамбль директоры Е.Кенжалиевтің бұйрығымен Төлеген Қуанышбек Серікұлы тағайындалды.
Төлеген Қуанышбек Серікұлы – қоюшы-режиссер, «Шабыт» халықаралық байқауының II дәрежелі лауреаты, «Трио де фестиваль» жас халық бишілері арасындағы халықаралық би байқауының гран-при иегері (Польша), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры стипендиясының иегері, «Түрксой» халықаралық фестивалінің I дәрежелі лауреаты (Түркия), 2015, 2019, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Төлеген Қуанышбек Серікұлы Қызылорда облысы Шиелі ауданында 1993 жылы 17 маусымда дүниеге келген.
2002-2007 ж.ж. Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы музыка мектебінде «Хореография» сыныбында оқыды;
2009-2012 ж.ж. Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін «Хореографиялық өнер», «Би ансамблінің әртісі» мамандығын тәмамдады.
2012-2017 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің «Режиссер» мамандығын бітірді.
Қуанышбек Серікұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз! Мол табыс пен сәттілік тілейміз. Рухы биік халықтың мәдениетіне қосар үлесіңіз зор, еңбегіңіз жемісті болсын.