16 қар, 2020 сағат 08:06

ҚР ИИДМ ТҮКШ саласын цифрландырып, жолақы төлеудің электронды жүйесін енгізбек

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларында «Ақылды қала» цифрлық жобаларын іске асыруда.

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды. 

Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі электронды жобалар

Министрлік отандық ІТ-компаниялар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында тұрғын үй қорының процестерін автоматтандыратын дайын ІТ шешімдерін масштабтау бойынша диалог құруда.

Пәтер иелері коперативтерімен, басқарушы компаниялармен қарым-қатынасты оңтайландыру үшін мобильді қосымшалар және басқа құралдар енгізілуде. Мысалы, Top ksk, E-ksk, BIG (BI clients), E- knot, Ақылды үй, Интегро: электронды ТКШ, Тұрғын үйлерді электронды паспорттау, сондай-ақ мүлік иелерінің бірлестігі сияқты жобалар қазірде қолданыста.

Осы құралдардың көмегімен тұрғындар басқарушы компаниямен байланысты әр түрлі мәселелерді шешуге, тұрғындармен кездесу өткізуге өтініш беру, дауыс беру, апаттар мен тоқтаулар туралы хабарламалар алуға, басқарушы компанияның қызметі туралы есептер алуға және басқаларға қол жетізе алады.

Осыған ұқсас шешімдерді отандық IT-компаниялар еліміздің 16 аймағында (14 182 үй және 482 544 пәтер) жүзеге асырды.

Инженерлік желілерді цифрландыру

Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, аймақтық геоақпараттық жүйелерді (АГАЖ) пайдалана отырып, салынған аймақтардың инженерлік инфрақұрылымы туралы деректерді цифрландыру және толтыру, сондай-ақ оларды қалакадастр базасына жіберу бойынша жұмыстар жүргізуде.

АГАЖ техникалық дайындығы бойынша үш көшбасшыға Ақтөбе (87,2%), Атырау (85%) және Алматы (83,6%) облыстары кірді.

Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында АГАЖ тестілік интеграция жүзеге асырылды. 15 аймақ мемлекеттік қала кадастр жүйесімен интеграциялануға техникалық жағынан дайын.

«Ақылды» жылу және су есептегіштерін орнату

Еліміздің 13 аймағында көпқабатты тұрғын үйлердің деректерді қашықтықтан жібере отырып жылу есептегіш құрылғылармен жабдықталу деңгейі 50%-дан асады.

Қазақстан Республикасының төрт аймағында «ақылды» су есептегіштерімен жабдықтау деңгейі 70%-дан асады (Шымкент - 100%, Алматы - 93%, Нұр-Сұлтан - 93%, Ақтөбе - 72%). Мұндай көрсеткіштерге басқа аймақтарда қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, қаржыландырудың жеңілдетілген шарттары енгізілді.

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі облыстық және республикалық маңызы бар тоғыз қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Қызылорда (ішінара), Тараз, Қарағанды ​​(пилоттық) және Шымкентте) енгізілді.

Жыл соңына дейін жүйені тағы бес қалада (Талдықорған, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Қостанай) іске қосу жоспарлануда.

Қоғамдық көліктің диспетчерлік қызметі

Жүйе Қазақстанның 12 аймағында енгізілген. Жоба Түркістан (50%) және Қызылорда (27%) қалаларында ішінара жүзеге асырылған. Қарағанды ​​мен Өскемен қалаларында іске асыру сатысында. Ақтөбе қаласында оператордың ауысуына байланысты жүйе уақытша тоқтап тұр.

Мобильді қосымшалар 12 аймақта қолданылады, бұл халыққа барлық қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.