24 қар, 2017 сағат 11:35

ҚР ИДМ Комитет төрағасының орынбасары қайтыс болды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Назаралы өмірден озды. Бұл ақпаратты аталған министрлік те растап отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жақсылық Назаралы бүгін  ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауға қатысуы керек болатын. Алайда, шара басталар алдында ол өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырылған. Нақтыланбаған дерекке сәйкес, ол ауруханаға бара жатқан жолда өмірден озған.

53 жастағы Жақсылық Назаралы 2017 жылдың 21 тамызынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болған еді.

Назаралы Жақсылық Күзембайұлы 1964 жылғы 23 қыркүйекте Красноводск ауданында Айым ауылында дүниеге келген.

Красноводск ауданында Күлі-Маяк ауданында №6 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1981 жылы Түркмен политехникалық институтына мұнай факультетіне оқуға түсті. 1987 жылы аталған институтты таулы инженер геолог мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Қазақ ССР-інде Ақтөбе қаласында «Актюбнефтегазгеология» ПГО-ға жұмысқа 1987 жылғы тамызда аударылды. «Актюбнефтегазгеология» ПГО мекемесінде 1987 жылғы тамыздан 1994 тамызға дейін мұнай газ барлау экспидициясында геолог болып жұмыс жасады. 1994 жылғы тамыздан 1999 жылғы тамызға дейін Батыс Қазақстандағы «Батысқазжерқойнауы» жер қойнауын пайдалану және қорғау өңіраралық басқармасында бас маман болып жұмыс жасады.

1999 жылғы 8 қазаннан бастап 2011 жылғы 25 қарашаға дейін Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, энергетика және минералды ресурстар, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде, Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы болып жұмыс жасады.

2011 жылғы 28 қарашадан 2012 жылғы 16 наурызға дейін «Қазмұнайгаз» Өнімді барлау» акционерлік қоғамында геологтік барлау басқармасының директоры жұмыс жасады.

2012 жылғы 19 наурызынан 2015 жылғы 3 тамызға дейін «Қазмұнайгаз» Ұлттық Мекеме» акционерлік қоғамында барлау проектісі басқармасы департаменті, перспективалық проекті даму департаментінің директоры қызметін атқарды.

2015 жылғы 4 тамыздан 2017 жылғы 17 тамызға дейін барлау проектінің бас инженері, «Қазмұнайгаз» бұрғылау және өнім технологиясы ғылыми зерттеу институтының геолог- геофизикалық активтерінің еріп жүру директорының орынбасары болып жұмыс жасады.

2017 жылдың 21 тамызынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалды.