#
#
Жұма 30/10/2020

ҚПЛ: «Қайрат» «Астанадан» тоғыз ұпайға ұзап кетті

  • 21.09.2020
  • 0
  • 102

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған турдағы соңғы ойын Петропавлдың «Қызылжар» және Алматының «Қайрат» командалары арасында өтті. Кездесу тағдырын шешкен гол 27-минутта соғылды. Оны «Қайрат» шабуылшысы Абат Айымбетов өзінің еншісіне жазды. 

Шабуылшы биылғы доп додасындағы бесінші голын соқты. Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. 

Осылайша алматылық клуб алтыншы ойын қатарынан жеңіске жетіп отыр. Қазір олардың еншісінде 24 ұпай бар. Екінші орындағы «Астанадан» бес ұпайға ұзап кетті. 

Бұл турдағы өзге ойындарда «Оқжетпес» пен «Каспий» 2:2, «Ордабасы» мен «Қайсар», «Астана» мен «Шахтер» 1:1 есебімен тең түссе, «Жетісу» «Таразды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

Енді оныншы тур ойындары 22, 23, 24 қыркүйек күндері өткізіледі. 

«Тобыл» мен «Оқжетпес» 22 қыркүйекте өткізілсе, 23 қыркүйекте «Каспий» мен «Тараз», 24 қыркүйекте «Жетісу» мен «Шахтер», «Ордабасы» мен «Қызылжар», «Қайсар» мен «Астана» командалары кездеседі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар